Қазақ тілінің

ұлттық корпусы

«Тіл – адамның адамдық белгісінің зоры»

Латынграфикалы қазақ жазуына арналған пернетақта жобалары

LatynSa пернетақталар


QWERTY пернетақта

keyboard

QWERTY пернетақтасы – IT мамандары ұсынып отырған ағылшынның QWERTY пернетақтасын сақтай отырып, пернетақтаның оң жақ бұрышындағы символдар тұрған үш қатардағы орындарға пернетақтада жоқ төл әріптеріміздің бір шоғыр болып қойылуы. Пернетақтада ағылшын пернетақтасы сақталып, пернетақтада жоқ қазақ төл әріптері пернетақтаның бір бұрышына орналастырылған.

    Оң жақ қаптал пернетақтасының артықшылықтары:
  •   1. Сандарды пернеорналасуды (раскладка) ауыстырмай теру.
  •   2. Көптеген символдардың қамтылуы.
  •   3. QWERTY пернетақтасына үйренгендерге ыңғайлылығы.


Арнаулы пернетақта

keyboard

Арнаулы пернетақта – А.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында Қолданбалы лингвистика бөлімі қызметкерлерінің қазақ тіліндегі әріп және әріп тіркесі жиілігіне негіздеп жасаған статистикалық пернетақтасы.

Арнаулы пернетақтада қазақ әріптері мен әріп тіркесіне негізделіп, жиі кездесетін әріптер пернетақтаның саусақтар басуға ыңғайлы ортаңғы тұсына екі қолға бөлініп орналастырылған. Мұнда ағылшынның QWERTY пернетақтасындағы әріптердің орналасуы сақталмайды. Әріптердің орналасуында қазақ тіліндегі мәтін теру мүмкіндігі ескеріледі. Жиі кездесетін әріптердің ортаңғы сұқ саусақ басатын орындарда тұруы және жиі кездесетін әріп тіркестерінің бір-бірінен алшақ орналасуы екі қолға ыңғайланып орналастырылуы мәтінді ыңғайлы әрі тез басуға мүмкіндік береді.

    Статистикалық пернетақтаның артықшылықтары:
  • 1. Қазақ мəтіндерінің статистикасын толық қамтуы (қазақ мəтіндерін жылдам теруге арналған).
  • 2. Көптеген символдардың қамтылуы.
  • 3. Сандарды пернеорналасуды (раскладка) ауыстырмай теру.
  • 4. Нүкте мен үтірдің ыңғайлы орналасуы.


QazAlt пернетақтасы

keyboard

Бағдарламанын қосылуы:

keyboard

Бағдарламанын қосылуы:

keyboard

Бағдарламаны жүктеу: QazAlt1.0.exe